Рекомендуемая категория для самостоятельной подготовки:
Статья*
Код |
376021 |
Дата создания |
10 января 2018 |
Страниц |
10
|
Мы сможем обработать ваш заказ (!) 22 ноября в 12:00 [мск] Файлы будут доступны для скачивания только после обработки заказа.
|
Описание
отличная работа. написала 2017 году ...
Содержание
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары бойынша бухгалтерлік есеп жүргізудің маңыздылығы көрсетілген. Сондай-ақ дебиторлық берешек есебін ұйымдастырудың және оның қаржылық есепте көрсетілуі талданған.
Введение
Дебиторлық берешекті орналастыру келесі ережелерді ескереді:
- егер ауқымды болса, дебиторлық берешектің кейбір түрлерін ерекше көрсету;
- дебиторлық берешектің сәйкес баптарының жаңыңда түзету баптарын қою;
- қазіргі дебиторлық берешекке байланысты барлық маңызды тәуекелділіктерді бағалауды көрсету;
Фрагмент работы для ознакомления
Халықаралық тәжірбиеде қаржылық есеп беру мақсатында дебиторлық борыш не ағымдық (қысқа мерзімдік) немесе айналымдық емес (ұзақ мерзімдік) болып бөлінеді. Ағымдық дебиторлық борыш бір жыл ішінде немесе операциалық цикл кезінде алынады деп болжанады. Барлық қалған борыштар ағымдық емес (ұзақ мерзімдік) болып танылады. Халықаралық есеп тәжірбиесінде саудалық және саудалық емес дебиторлық борыш ажыратылады. Саудалық дебиторлық борыш бұл клиенттердің кәдімгі шаруашылық жұмыстары кезінде жасалған тауарларымен қызмет түрлері үшін төленетін сома. Ол екі топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар-сатып алынған заттарға сатып алушылардың кәдімгі қарызы, және алынуға тиісті вексельдер - сатып алушылардың шот төлеу міндеті хат арқылы көрсетілген қарыздары. Саудалық емес дебиторлық берешек, басқа қызмет түрлері нәтижесінде туындайды. Дебиторлық берешек шаруашылық субъектілер активтерінің маңызды бөлігі болып саналады. Ол кәзіргі заманғы кез келген Қазақстандық мекеменің баланс құрылымында орын алады. М.В. Штиллердің еңбегінде «Кәсіпорында дебиторлық берешектердің құрамында күмәнді дебиторлық берешектер болмаса, олардың көп болғаны зиян емес» - дейді, яғни кәсіпорын дебиторлардың ішінен мерзімі асқан берешектерді үнемі қадағалап отырса болғаны [1 ].Халықаралық есеп тәжірибесінде дебиторлық берешектің жалпы жіктемесі 1-cуретте берілген. 95251152525Саудалық дебиторлық берешек: алынуға тиісті шоттаралынуға тиіс вексельдер00Саудалық дебиторлық берешек: алынуға тиісті шоттаралынуға тиіс вексельдер Дебиторлық берешек Саудалық емес дебиторлық берешек:алынуға тиіс созылмайтын вексель алынуға тиіс пайыздаралынуға тиісті дивиденттер компания жұмыскерлеріне берілген аванстарАлынуға тиіс дивидендерАлынуға тиіс дивидендер Дебиторлық берешек Саудалық емес дебиторлық берешек:алынуға тиіс созылмайтын вексель алынуға тиіс пайыздаралынуға тиісті дивиденттер компания жұмыскерлеріне берілген аванстарАлынуға тиіс дивидендерАлынуға тиіс дивидендерСурет 1 - Халықаралық есеп тәжірбиесінде дебиторлық берешектің жалпы классификациясы. Баланста саудалық дебиторлық берешек пен саудалық емес дебиторлық берешек бөлек-бөлек қарастыруылуы тиіс. Әдетте дебиторлық берешек компанияның ағымдық активіне қарайды. Ал егер оны жою мерзімі бір жылдан артық болса, ұзақ мерзімді активтер болып бөлінеді.18- ХҚЕС–на сәйкес дебиторлық берешек тауар өткізу мен қызмет көрсету нәтижесінде туындаған алынуға тиіс шоттар мен вексельдер арқылы анықталады. Бұл сонымен қатар өзіне есептік кезеңде (төленген) аударылған арендалық төлемдер, сыйақылар және басқадай алынуға тиіс сомаларды кіргізеді. Бухгалтерлік есептің типтік жоспар шотында 23.05.2007 ж. №185 дебиторлық берешектің барлық түрлері туралы ақпаратты жалпылау үшін «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» және «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» тараудың шоттары белгіленген. Дебиторлық берешек халықаралық және Қазақстан мемлекетінің стандарттарына сәйкес сатып алушылардан компанияға тиісті сома болып табылады.Е. Михалеваның айтуы бойынша, - «Дебиторлық берешек – айналым капиталының басты компоненті. Онсыз кәсіпорынның айналымы қалыптасуы қиын», яғни белгілі бір мекеме екінші мекемеге тауар сатқан кезде, сатылған тауардың құны бірден төленбесе де, белгілі бір мерзім ішінде төленіп, осы операциялардан айналым қалыптасады» [2].Дебиторлық берешектің пайда болуы сатудан түскен түсімді мойындаумен тығыз байланысты. Американдық ғалымдар Энтони Р. мен Рис Дж. сату деп атайды: «Ақша кірісі немесе тауарларды немесе қызметтерді сатудың нәтижесінде оларға (сонымен қоса алынуға шоттар) талаптарды күшейту». [3].Халықаралық стандартта алын ала қарастырылған есептеу әдісі бойынша қаржылық есептеме құрастыру принципі ақша қаражаттарын алу немесе төлеумен байланысты өтіп кеткен операциялар мен мәмілелерді ғана емес, сонымен қатар алдағы кезеңде ақша төлеу міндеттемелері немесе ақша қаражаттарын алуға мүмкін көздер туралы қолданушыларды ақпараттандыруды көздейді. Сонымен қоса сатудан пайда, сәйкесінше дебиторлық берешек, нақты алынатындығына жеткілікті анықтылығы бар сомалар есептелінеді.Сатып алушылардың дебиторлық берешегі бухгалтерлік есепте сатудан түскен түсім туралы көрсетілген ақпаратпен қатар тіркеледі, яғни өнімді сатудан түскен түсімді бағалауда мойындалатын болады және сәйкесінше осы түсімді көрсеткен күнінде көрсетіледі.Тәжірибе жүзінде дебиторлық берешектің көлемі сату объектісін тапсыру күнінде курс бойынша теңгемен анықталады, сатып алушымен міндеттемелер өтелгеннен кейін, оны өтеу кезеңіңде дебиторлық берешектің түзету енгізетін сомасына, сатып алушымен сомалық айырмашылық анықталады. Мәні бойынша, бұл дебиторлық берешекті қайта бағалауды білдіреді, яғни ағымдық құнды анықтау.Егер тауар коммерциялық кредит негізінде сатылса, онда дебиторлық берешек қарызға берілген немесе кейінге қалдырылған сомаға пайызды есепке алумен бірге толық сомамен мойындалады.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында ХҚЕС ережелерін қолданатындығы белгілі. Осы ережелерге сәйкес дебиторлық берешекті бағалау және оны есептемеде көрсету сатудың таза құнымен көрсетілуі қажет, яғни ақша қаражаттары сомасы бойынша немесе оны өтеудің нәтижесінде нақты алынуы мүмкін басқа да ресурстар және пайдалар. Дебиторлық берешектің таза сату құны - күмәнді берешектер бойынша резерв сомасын шегергенде ағымдық дебиторлық берешектің бастапқы құны бойынша сомасы. Дебиторлық берешектің құрылымы, ереже бойынша, келесідей түрде көрсетіледі:сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешігі – саудалық дебиторлық берешек (теңгемен және валютамен);ҚҚС –ты артық төлегендіктен бюджеттің қарызы; жеткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін берлген аванстар; еңшілес, ассоциацияланған ұйымдардың берешегі; жұмыскерлердің берешегі(сонымен қатар жетіспеушіліктер бойынша);алынуға сый-ақылар;шағымдар бойынша берешектер;басқа да дебиторлық берешек .Дебиторлық берешекті түзету мен күмәнді борыштарды есептен шығарудың екі түрлі әдісі бар:тікелей есептен шығару әдісі;қорларды есепке қосу әдісі .Тікелей есептен шығару әдісі бойынша күмәнді қарыздарға алдын-ала бағалау жасалмайды.
Список литературы
1. Штиллер М.В. Принципы бухгалтерского учета – Алматы: Экономика, 2004. – 276 с.
2. Международные стандарты финансовой отчетности переведены, подготовлены к печати и опубликованы ЗАО «Аскери-АССА»- М.:Аскери, 2007.-1078с.
3. Вахрушина М.А. Бухгалтерский управленческий учет: учебник для студентов вузов, обучающихся по экон. спец.-6-е изд., испр.-М:Омега – Л, 2007.-570с.- (Высшее финасовое образование)
Пожалуйста, внимательно изучайте содержание и фрагменты работы. Деньги за приобретённые готовые работы по причине несоответствия данной работы вашим требованиям или её уникальности не возвращаются.
* Категория работы носит оценочный характер в соответствии с качественными и количественными параметрами предоставляемого материала. Данный материал ни целиком, ни любая из его частей не является готовым научным трудом, выпускной квалификационной работой, научным докладом или иной работой, предусмотренной государственной системой научной аттестации или необходимой для прохождения промежуточной или итоговой аттестации. Данный материал представляет собой субъективный результат обработки, структурирования и форматирования собранной его автором информации и предназначен, прежде всего, для использования в качестве источника для самостоятельной подготовки работы указанной тематики.
bmt: 0.00434